"Акмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Знаменка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Знаменка отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

                            

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: «Қазақшаңыз қалай?!» сайысы

06.03.2017

Қазақшаңыз қалай?!

 

         Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?!»

атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Сайсымыздың мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, өз салт-дәстүрін тани білуге,  ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге, мақал-мәтелдерімізді,  әндерімізді дәріптеу болып табылады. Сонымен

қатар, ұстаздар мен оқушылар арасында тығыз байланыс орнату.

Танытып

көпшілікке асыл атын

                   Біздерді

мол қызыққа батыратын

Бүгінгі сайысқа

қатысатын       

Ортаға

үміткерлерді шақырамын

Бірінші тобымыз: «Достар»

тобын шақырымыз.

Екінші тобымыз: «Жұлдыз»

тобын шақырамыз.

Әр топ өз

ұрандарын айтады.

Сайысымызға әділ бағасын беретін, әділ қазылар алқасымен таныс болсақ.  Мектеп

директоры: Болданова Гулшат Бұзаубаковна, және директордың оқу-ісі жөніндегі

орынбасары Яцутко Светлана Николаевна, фғылшын пәнінің мұғалімі Хромец

Екатерина Олеговна.

         Сайыстың

ережесіне қысқаша шолу жасасақ. Сайысымыз 8-айналымнан тұрады. Берілген дұрыс

жауапқа 10 ұпайдан алып отырасыздар. Әр 2 айналым сайын ән жасырамыз және ол

әнді қосылып шырқаймыз.

 

Жүргізуші: Сайыскерлерімізге

сәттілік тілей отыра, сайысымыздың 1-айналымын бастаймыз. Бұл айналым «Бейне

сұрақ» деп аталады. Экраннан сіздерге видео жасырылады

салт-дәстүрімізге қатысты. Сіздер сол дәстүрімізді атап, қалай, қай кезде

жасалынатынын айтуларыңыз қажет.

 

Жауабы: І топ –

Тұсау кесу;

                   ІІ топ – Бесікке бөлеу

 

Жүргізуші: Жарайсыздар,

енді дәл осындай қарқынмен сайысымыздың 2-айналымын бастаймыз. 2-айналым «Әріптер

әлемінде» деп аталады. Яғни біз сіздердің сауаттылықтарыңызды

тексереміз. Мен қазір әр топқа 5 сөзден оқимын. Әр сайыскер мен айтқан сөзді

бір-бір әріптен атау керек.  Осылайша біз

сіздердің  сауаттылықтарыңызды

тексереміз.

1-топқа:

Е-л-е-у-с-і-з, Ж-а-у-а-п-к-е-р-ш-і-л-і-к, Б-ә-р-е-к-е-л-д-і, Қ-ұ-п-и-я,

К-і-р-ш-і-к-с-і-з.

2-топқа:

Қ-о-р-ы-т-ы-н-д-ы, Ө-й-т-к-е-н-і, Б-е-й-і-м-д-е-л-у, Ж-ү-р-г-і-з-у-ш-і,

М-ұ-қ-и-я-т.

(Ән)

Жүргізуші: Осылайша,

3-айналымға да келіп жеттік. Бұл айналым «Таным» деп аталады. Мен сіздерге

тұрақты сөз тіркестерін оқимын. Сіздер оның мағынасын ашуларыңыз керек. (слайд

арқылы көрсетіледі)

 

І топ:

1.    

Ит арқасы

қиянда  - Ит өлген жер – алыс, қашық,

шалғай.

2.    

Қас пен көздің

арасында - Көзді ашып жұмғанша, кірпік қаққанша – жылдам, тез, лезде.

3.    

Қой аузынан шөп

алмас - Момын, жуас деген мағынаны білдіреді.

4.    

Айды аспанға шығарды

- Аты шықты, таң қалдырды.

5.    

Төбе шашы тік

тұрды - Төбе шашы тік тұрды.

 

         ІІ топ:

1.    

Жүрегі аузына

тығылды - Жүрегі алып ұшты, жүрегі аттай тулады – қатты толқыды.

2.    

Қолтығына су

бүрку - Қолпаштау, желіктіру, айтақтау, жел беру, мақтап, айдап салу.

3.    

Беті бүлк

етпеді - Беті шіміркпеді, ұялма-ды, бедірейіп тұрды.

4.    

Шақшадай басы

шарадай болды - Басы қату, миы ашу деген мағынаны білдіреді.

5.    

Ит өлген жерде

- Жер түбі, ит арқасы қиянда – алыс, шалғай.

 

Жүргізуші: Сайысымыз қызу

үстінде. Екі тобымызда осал емес, сіздерге тағыда сәттілік тілейміз. 

 

                           Ортаға

біз сауалды тастайық

                           Ойыншылар

жауап беруден саспайық

                           «Мың

мақалды білеміз деп аталатын»

                           Ойынның

бір  кезеңін бастайық, - деп ойынымыздың

4-айналын бастаймыз.

-        

Мен сіздерге мақалдың бір жолын

оқимын, ал екінші жолын сіздер жалғастырасыздар.

 

Достар тобына:

1)Отансыз адам-(ормансыз бұлбұл)

2)Ер жігіт ел үшін туады

   (Ел үшін өледі)

3)Кім еңбек етсе (сол тоқ)

4)Ауырып ем іздегенше

   (Ауырмайтын жол

ізде)

5)Білім қымбат (білу қиын)

 

         Жұлдыздар тобына:

1)Отан үшін күрес (елге тиген үлес)

2)Батыр бір рет өледі

  (Қорқақ мың рет

өледі)

3)Ердің атын (еңбек шығарады)

4)Әдептілік белгісі (иіліп сәлем бергені)

5)Ақыл азбайды (білім тозбайды)

 

(ән)

 

         Жүргізуші: 5-айналым «Тарихқа

шолу» деп аталады. Мен сіздерге тарихымызға, әдебиетімізге қатысты

сұрақ қоямын. Сұрақтарымыз қиын емес, жеңіл. (слайдтан оқу)

 

         І топ:        

1.    

Әлемдегі ең

бірінші ұстаз –

2.    

Қазақтың бас

ақыны –

3.    

Қазақтың үш биі

4.    

Қазақ

хандығының неше жылдығын тойладық? –

5.    

Кеңес Одағының

батыры, пулеметші қыз –

 

         ІІ топ:

1.    

Әлемдегі екінші

ұстаз –

2.    

Қазақ хандығын

негізін қалаған хандар –

3.    

Қазақтың қос

жұлдызы –

4.    

Абылай ханның

лақап аты –

5.    

Торғай өңірінде

ең алғаш мектеп ашқан кім? –

 

         Жүргізуші: 6-айналымғада келіп

жеттік. Бұл айналым «Кім жылдам» деп аталады. Бұл ойынның

ережесі адасқан әріптерден бір сөз шығарып, бір сөзден бірнеше сөз құрау.

Сіздерге берілетін сөз «Қазақстан».

         (Ән)

        

         Жүргізуші: 7-айналым «Логикалық сұрақтар» деп

аталады.

 

         І топ:

1.     Торда 12 құс

отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды? – 12 құс. (Тордан ұша алмайды)

2.    

2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1

адам неше сағат ойнайды?  (2 сағат)

3.     Төрт бұрыштан 1

бұрышын алып (қиып) тастасақ неше бұрыш қалады. (5 бұрыш)

4.     3 Аңшы 3

сағатта 3 үйрек аулай алатын болса, 9 аңшының 9 үйректі аулай алуы үшін қанша

сағат керек? (3 сағат)

5.     Қайыңда 50

жаңғақ өсіп тұр. Қатты соққан желден 10 жаңғақ түсіп қалды. Қанша жаңғақ қалды?

(Қайын ағашында жаңғақ өспейді)

6.    

Төрт қызметші, Бір патша 

(үстел)

 

         ІІ топ:

 

1.    

Бір адам құйып тұрған жаңбырдың астында қалыпты. Үйіне

келгенде үсті-басы малмандай су, тек шашы су болмапты. Неліктен? (Шашы жоқ)

2.    

Шайға қант салған кезде, қандай жағдайда қант құрғақ

болады? (Құрғақ шайдың (зоварка) үстіне

салғанда).

3.     Біздікі

болғанымен басқалар қолданатын нәрсе  (Есіміміз)

4.     Король кімнің

алдында тәжін шешеді? (Шаштараздың)

5.     Үйдің ең суық

жері? (Сырты)

6.    

Есікті ашу үшін не қажет? 

(есік жабық болу керек)

 

         Жүргізуші: 8-айналым «Адасқан әріптер» деп

аталады. Әр сайыскерге 2 әріптен беріледі. Мен сіздер айтатын сөзді айтпай,

тастап кетемін, ал сіздер сол сөзді әріптер арқылы құрау керек сіздер.

 

ӘРІПТЕР: Қ-Т, А-Ы, Б-П,

А-Л.

1-топқа:

1.  Мхм, Мхм балпақ, басын неге жалпақ

(Бақа)

2.  Досқа күлкі, дұшпанға мхм (Таба)

3.  Жабырқау, мұңайу, мхм болу (Қапа)

4. Үлкендер

кішіге әумин деп береді мхм (бата)

2-топқа.

ӘРІПТЕР: М-Н, Т-Р, Қ-А, А-Ұ.

1.     Сиса, боз, барқыт бұлар не?

(Мата)

2.     Адал сөзінің антонимі (Арам)

3.     Атадан балаға қалады не? (мұра)

4.     Ақжол, ақжол деп жауға шапқан

батыр не айтып келе жатыр? (ұран)

(Ән)

 

         Жүргізуші:

Осымен сайысымыз аяқталды. Енді әділ қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша,

бәріміз бір ойын ойнасақ (Ойын шартын түсіндіру)

         Жүргізуші: Марапаттау (Директорға сөз беру, марапаттау)

Просмотров: 431


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст