"Акмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Знаменка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Знаменка отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

                            

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық – зор байлық

06.03.2017

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық – зор байлық

            Сабақтың мақсаты:

            1) Білімділік – Денсаулық, спорт

туралы мәлімет алады; Оқушылардың сан есім сөз табынан алған білімдерін

жинақтау, тиянақтау, жүйелеп қорыту, теориялық білімдерін тәжірибемен

ұштастыру.

            2) Дамытушылық – оқушылардың өз

бетімен іздену қабілеттерін дамыту, еркін сөйлеуге баулу, ойларын дәл, нақты

айтуға дағдыландыру; сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту, қызығушылықтарын   арттыру;

            3) Тәрбиелік – Денсаулық

туралы пайдалы кеңестер алады. Спортқа сүйіспеншілік сезімдерін оятып, адамгершілікке,  әдептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу, мәтіндер

арқылы ұлттық салт-дәстүрлерімізді қадірлеуге, киелі сандардың қасиетін білуге

тәрбиелеу.

 

            Сабақтың әдісі: қайталау, түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, ой қозғау, деңгейлік

тапсырмалар орындау, талдау, баяндау, пікірлесу, ішінара ізденіс.

            Сабақтың формасы: жеке жұмыс түрлері.

            Сабақтың көрнекілігі: слайд, деңейлік тапсырмалар, кесте, тірек-сызбалар, семантикалық картамен

жұмыс, суреттер.

 

            Сабақтың

барысы.

 

            І.Ұйымдастыру

кезеңі

1.              

Оқушылармен сәлемдесу.

2.              

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

3.              

Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

            ІІ.

Үй тапсырмасын сұрау.

            Міндеті:

            1. Оқушылардың үй тапсырмасын толық әрі дұрыс орындағанын анықтау.

            2. Жаттығулардың

орындауынан кеткен қателерді түзету.

            - Үйге қандай тапсырма

берілді?

            - Ұлттық спорт түрлеріне

жеке-жеке баяндау.

 

            ІІІ.

Жаңа сабақ

 

 

Ø 

Сіздер нешінші сыныпта оқисыздар?

 

 

Ø  Осы 7 саны туралы не білеміз?

         Табиғаттың

тылсым сыры көп. Көшпенділер ұғымында күннің көзі 7 бөлікке бөлінеді. Аптада 7

күн. Бір ғажабы бұл атаулар өзгермейтін өлшем бірліктері. Қазақта 3, 5, 7

сандары киелі сан болып есептеледі. Жаңа туған нәрестенің шілдеханасы 7-ші күні

жасалады. Қайтыс болған кісінің 7-сі беріледі. Білімдар кісіні «7 жұрттың тілін

біледі» дейді. Көкте 7 қабат, жерді 7 қат деп түсіндіретін сол ата-бабалар.

Тіпті жұт 7 ағайынды деген сөздің де өзі тұрмыстық жағдайдан келіп туындайтын

байлам! Әз Тәукеханның 7 жарғысы мен 7 қазына деген атаулардағы 7-лік санның

тектен тек тумағандығы айқын. Қауіп-қатерден аман қалған адам үшін, не анасы,

не жұбайының 7 шелпек пісіруі не садақаға 7 түрлі нәрсе таратуы да наным

түсініктен ғана тумаған құбылыс екен. «7-ге келгенше жерден таяқ жейсің», «7

атасын білмеген - жетесіз» деген даналық тұжырымы, ұрпақ көшінің үзілмеуін

тілеген ізгі ниеттен шыққан.

         Мәтінмен

жұмыс:

        

         Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана

асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті, тіпті

барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы

дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөлуі қажет. Әр адам салауатты

өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін

әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымыз, дұрыс тамақтануымыз, зиянды

әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз керек.

 

         Сөздікпен

жұмыс:

 

Асыл – драгоценный

Тіпті – даже

Көңіл бөлу – обращать внимание

Қор – запас

Салауатты өмір салты – здоровый образ жизни

Қалыптастыру – формировать

Айналысу – заниматься

Зиянды әрекет – вредные привычки

Шара – мероприятие

         ІҮ.

Тапсырмалар:

 

1.    

Мәтіннен жаңа сөздер қатысқан сөз тіркестерді теріп жазу.

 

2.    

Оқушылар, қандай мереке келе жатыр? (Аналарымыздың мерекесі, 8 наурыз.

Соған байланысты, 5 жолды өлең құрастырайқ)

 

5 жолды өлең  құрастыру

 

1.Зат есім           Ана

2.Сын есім          Мейірімді, әдемі

3.Етістік            Қорғайды,

үйретеді, тәрбиелейді

4.Сөйлем             Анасы

бар адам қартаймайды.

5.Синоним          Шеше

 

Грамматикалық тақырып

 

         Сан есім дегеніміз – заттың санын,

ретін білдіріп, қанша? Неше? Деген сұрақтарға жауап беретін сөз сабы.

 

- Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек?

- Әрине, дұрыс айтасыздар. Тиімді тамақтанып, спортпен шұғылдануымыз керек.

-        Оқушылар, алдымызда тағы қандай мереке

келе жатыр?

-        22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні.

-        Дұрыс айтасыздар. Біздің

сыныбымыз Наурыз мейрамына орай киіз үй тігіп дайындалайық. Біз бүгінгі сабағымызда

Наурыз мейрамына орай киіз үй тігуіміз керек. Ол үшін бізге қажетті киіз үй

бөлшектері берілген. Жаттығу орындау барысында киіз үй құрамыз. Әр тапсырманы орындаған

сайын киіз үй құрылады.

- Наурыз мерекесігде қандай спорт түрлерін көреміз?

- Дұрыс, алтыбақан, көкпар, күрес.

 

 

3.     

Ребусты шешіп,

реттік сан есімдер жасау.

 

 

         Жауабы: Алтын, тон, күш, сона, жүзім.

                   Алтыншы, оныншы, үшінші,

жүзінші.

 

(Кереге

керіліп, сықырлауык кұрылады)

 

4.     Мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына сан есімдерді

қойып, топтау сан есіміне айналдырыңдар.

1.    

Батыр ... рет

өледі,

Қорқақ ... рет өледі.

 

2.    

... рет өлшеп, ...

рет кес.

 

3.    

... сомың болғанша,

... досың болсын.

 

Жауабы: 1, 1000, 7,

100

         Бір-бірден, мың-мыңнан, жетіден,

жүз-жүзден.

 

 

(Шаңырақ

бақанмен көтеріледі)

 

 

5. Сан есімдерді тауып, жинақтық сан есім жасаңдар.

 

         Бес, алма, қалам, төрт, екі,

мектеп, үш.

 

         Жауабы: бесеу, төртеу, екеу, үшеу.

 

 

6.    

Ребусты шешіп, болжалдық

сан есімін жасаңдар:

 

 

         Жауабы: Жаздың 1

күні – қыстың 1000 күнін асырайды.

                   Бірге жуық, мыңдай

 

 

 

7.    

Берілген сөздерден

бөлшектік сан есімдерді теріп жазу.

 

         Төрт, он, екі жарым, алты, бес, бес бүтін оннан бір, төрт жарым, жеті,

тоғыз бүтін жүзден бір, бесеу, алтыншы.

 

         Жауабы: екі жарым, бес бүтін оннан бір, төрт жарым, тоғыз бүтін жүзден

бір.

 

 

 

Міне, біз де Ұлыстың ұлы күніне

арнап киіз үйімізді тіктік.

 

 

V. Сабақты

пысықтау.

 

Ø Сан есім

дегеніміз не?

Ø Сан есімнің

неше мағыналық түрі бар?

Ø Мағыналық

түрлерін ата.

Ø Құрамына

қарай неше түрі бар?

Ø Оларды ата.

Ø Қандай

ұлттық спорт түрлерін білесіңдер?

 

      VI. Үйге тапсырма: «Денсаулық –

зор байлық» деген тақырыптта эссе жазу.

 

      VII.

Бағалау.

 

 

Просмотров: 670


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст