"Акмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Знаменка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Знаменка отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

                            

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көк тудың желбірегені – қазақтың асқақ беделі!»

02.03.2017

«Көк тудың желбірегені – қазақтың асқақ беделі!»

 

 

Қазақ деген тілім бар,

Тәуелсіз болған елім бар.

Сол елде өсіп келемін

Әлем таныған жерім бар.

Рәмізім де тілім де

Бәрі менің Отаным

Бар күш – қуат нәрімді,

Елім үшін төгемін.

 

     Адам баласының бір қуанышы, жарық

жұлдызы, темір қазығы туған елі. Әркім де туған елін жақсы көреді. Еңсесі биік,

мәртебесі асқақ, көгінде көк туы желбіреген қазақ елін мен де жақсы көремін.

   Ең 

қымбат қазына – адам өмірімен бағаланған қазақ елінің ата заңы, көгінде

көк  байрағы желбіреген туы, шарықтаған

әнұраны бар. Осындай көркейген ел ішінде мен де өмір сүріп, ер жетіп, есейіп

келемін. Бүгінгі өміріме, өз ортама, ризашылықпен қарай отырып, ертеңгі

өмірімнің жарқын боларына толық сенемін.

   Жас ұрпақтың білім алуына, денсаулығына

жағдай жасап, ұлтының болашағын ойлап жүрген аға – апаларымыз бен ағаларының

ерен еңбектері- елдігімізді нығайта түсуде. Елдікті – білімді ұрпақ қана жалғай

алады. Ендеше, сол  білімді ұрпақтар

қатарына мен де барамын.

  Мен – Яцутко Татьяна Дальний орта мектебінің

10 – сыныбында оқимын. Мен өзге ұлт өкілі болғанмен, бақытты балалық шағым мен

жарқын өмір кешіп жатқан өз елімді мақтан тұтамын. Әрбір оқушы жүрегіне жылылық

ұялата білген ұстаздарымның арқасында қазақ тілін Еркін меңгердім. Ана тілін

ардақ тұтып, болашақта білімімді  қазақ

тілінде жалғастырамын. Мен ана тілінде жазылған ақын – жазушыларымыздың

шығармаларын, нақыл сөздерін оқу арқылы сөздік қорымды молайттым. Ана тілін, өз

мемлекетін, ұлттық нышандарын қастерлеп, құрметтеу әрбір оқушының парызы деп

санаймын. Себебі, әр ұлттың тілі – оның бақытты тірегі, мемлекеті – мәңгілік

мекені, ұлттық  нышандары ұлттығымызды

асқақтатын алтын белгілері.

   Ендігі менің алға қойған мақсатым алған

білімімді жалғастырып, өз мемлекетімде жоғарғы оқу орнына түсіп, өндіріс

орындарына жұмысқа  орналасып, елімнің

болашағына үлес қосу.

   Еліміздің рухани құндылықтарын қастерлеп,

қадірлеу, парызым деп санаймын. Егемен елімнің ертеңіне қажетті мамандық

таңдап, жақсы кәсіпті игерген ұлт азаматы боламын деген сенімдемін.

Яцутко Татьяна.

10 – сынып оқушысы

Дальний орта мектебі

Ақмола облысы

Есіл ауданы.

Просмотров: 564


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст