"Акмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Знаменка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Знаменка отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

                            

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Эссе «Менің Қазақстаным»

02.03.2017

Эссе

«Менің Қазақстаным»

Оқушының аты-жөні:

Қосымбаев

Ерасыл

Қанатұлы

                                                                         

Менің Қазақстаным

 

   Қазақ халқы ғасырлар бойы талай – талай қиын

кезеңдерден өтті. Біздің жеріміздің өткен тарихына үңілсек, кең байтақ

жерімізде қаншама қантөгіс, қаншама зорлық, ата – бабаларымыз  қайғы – мұңдары кешілді. Ата – бабаларымыз

біздің жеріміздің тұтастығын сақтап қалды. Олардың ерлік күші, батылдығы мәңгі

біздің жадымызда. Еліміздің  әнұранында:

            Ежелден ер деген

            Даңқымыз шықты ғой

            Намысын бермеген

            Қазағым мықты ғой!-

дегендей,

Қазақстан халқы әлемдегі ең намысты ел, өйткені халқымыздың қанында жақсы қасиеттер

басым. Біздің жеріміз – кең байтақ жер, қазақстанның жері бай. Оның шалғынды,

құнарлы жері, табиғаты да ешқандай жермен тең емес.

Қазақстан

Республикасы табиғатымен қатар, қаншама өнеркәсіп орындары, өндіргіш күштерге

бай. Қазақстанда мұнай, газ да, минералды заттар да, пайдалы қазбаларға

өндіріледі.

    Қазақстан Республикасы үлкен арманына

жетті. Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің еліміздің

көркеюіне бар күшін салуда. Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін алып,

тәуелсіз мемлекет атанды.

Сонымен  қатар Қазақстан Республикасының тілі қазақ

тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Көзді ашып жұмғанша астанамыз – Астана

қаласы – Елордамыз мінекей, күн сайын сұлуланып көркейе түсуде. Мен Қазақстан

Республикасында туып өстім. Кіндігімді кескен жер де Қазақстан. Ата- анам мені

туған жерімді сүюге, қадірлеуге кішкентай жасымнан үйретуде. Қазақстан мен үшін

ең қадірлі жер болып табылады. Мен туған жерімді шын жүректен сүйемін және де

мәңгі бақи сүйіп өтемін!

            Қазақстан менің жерім, менің елім

            Қадірлеп, қастерлеп сені өтемін, -

деп ақын

жырында айтқандай, мен болашақта мамандығым қандай болса да, елім үшін тер

төгіп гүлденіп көркеюіне өз үлесімді қосамын!

                                                                         Қосымбаев Ерасыл

                                                                  4 сынып оқушысы.

Просмотров: 539


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст